XIX ғасырда қоғамдағы дерексіз ой қорытулардан арылып, қоғамды зерттеуде нақтылы бақылау, эксперимент сияқты әдістерге сүйену қажеттігін қолдаған бағыт. Ол әлеуметтік-философиялық абстрактілі теорияларға антипод, қарсы күш реакциясы ретінде пайда болды. Позитивизмге тән белгілер: табиғилық, үйлесімділік, эволюционизм, тарихилыққа қарсылық, редуктивизм және т.б. Позитивизмнің көрнекті өкілдері: О.Конт, А.Сен-Симон, А.Кетле, С.Милль, Г.Спенсер, Э.Дюркгейм және т.б.