lat: PRIZMA
зат.1.мат. Көлемі табанының ауданы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең келетін көп қырлы геометриялық дене.
Әрбір үш жақты призманы өзара тең үш пирамидаға бөлуге болады (О.Жәутіков, Математика.).
Демокрит мәселен, табаны цилиндр немесе призмада жатқан, ал биіктігі сондай конустың немесе пирамиданың көлемі сол цилиндрдің немесе призма көлемінің үштен біріне тең екенін тұңғыш дәлелдеген (А.Көбесов, Математика тарихы).
Мысалы, Евдокстың өзі осы әдісті пайдаланып, пирамиданың көлемі мен табаны сондай призманың көлемінің үштен біріне тең болатынын, ал конустың көлемі сәйкес цилиндр көлемінің үштен біріне тең болатынын дәлелдейді (А.Көбесов, Математика тарихы).
2. физ. Оптикалық аспаптың мөлдір шынысы. Терезеден түскен күн сәулесін жинағыш призма арқылы экранға түсірсек, экранда әртүрлі бояулармен белгіленген үлкен жолақтар пайда болады (Б.Тілекметов, Фото.).
Егер призмаға ақ жарық түсірілсе, ол призмадан өткенде түрлі түсті сәулелерге жіктеледі (П.Полатбеков, Оптика).
Призма қолдану мақсатына қарай спектрлік призма, шағылдырушы призма және поляризациялаушы призма болып үш топқа бөлінеді (ҚҰЭ).