( лат. projectio — алға тастау ) — адамның өз бойындағы саналанбаған көбіне жағымсыз қасиеттері мен қылықтарын басқаларға телитін қорғаныс тетігі. Проекция — индивидке бейжай елесті сыртқы дүниеге біржақты телитін психикалык процестің көрінісі. Психикалык Проекция — адам мүддесі мен ынтасын біреудікіндей салқын, ықылас білдірмей көңіл қобалжуын басатын қабылдаудың қорғанарлық тетігі. Бейқам көңілдің мән-жайын әртүрлі талқылаушылардың бірі австриялық ғалым 3. Фрейд болды. Фрейдтің ұйғарымы бойынша, балаларға жұрттың дүниені сезінуі өздерінікіндей көрінеді де, сыртқы ұқсастықпен өздерін ойланбай-ақ жұбатады. Оң түсінікті теріс күйге ұқсататын төзімсіз күйді 3. Фрейд паранойлық ауруға жатқызады. Көңілде қабылдауды жалғастыратын симбиоздық түрлі күйлердің бірлесе селбесуін ғалымдар психикалық ерекше көрініс деп тапты. Селбестіру, телу процесінің әртүрлі сау да, ауру да күйі адамдарда кезігетіні анықталды. Бірак адамның елесті шындықпен салыстырып тексере алатын қабілетінде немесе теліте елестету ақиқаттығына деген наным- сенім бір-біріне үйлесе бермейтін сияқты.