lat: PROGRAMMALAÝ
зат.инф. <ағыл. programming> 1. Есептегіш мәшинелер мен құрылғыларға арналған программаларды құрастыру әдістері мен тәсілдерін зерттейтін пән.
2. Есептерді электр есептеуіш мәшинесінде шешу үшін кезектесе орындалатын тапсырмалар тізбегіне келтіру жүйесі.
Программалауға нақты программа құрылымын жасап, оның мәліметтерді кодтап жазып оны құрастыру істері кіреді (Қаз. тілі термин. Информатика.).
3. мат. Қолданбалы математиканың бір бөлігі.
Сондай-ақ қолданбалы математиканың компьютер үшін программалар жазу, оларды тексеру және жақсарту әдістері мен құралдарын зерттейтін тарауы да п р о г р а м м а л а у деп аталады (Қаз. тілі термин. Информатика.).