(грек, prototypon – түп, төркін бейне) – әдебиет шығармасындағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде болған адам, яғни, өмірде бар бастапқы, түпкі тұлға. Шығармадағы кейіпкер мен уақиға нағыз өмірден алынғанда да, олар қаламгердің өмірлік тәжірибесімен, бұрынғы көрген-білгендерімен ұштасып, онық қиялында туған сезім-әсерлермен сабақтасады. Өйткені өмірден көрген сол кейіпкер мен уақиға жазушының жанына жақын болмаса, ой-қиялымен, арман-мақсатымен жанаспаса, ол тіпті соларға елеңдемеген, мән бермеген де болар еді. Сүйтіп әдеби кейіпкердің тұлға-бейнесі, образы нақтылы бір прототипке негізделіп жасалғанымен, әдебиетке, көркем өнерге тән типтендіру, жинақтау принциптеріне сәйкес, және жазушының нақтылы шығармасындағы идеялық насынасына орай сомдалып, өзгеше сипат алады. М. Әуезвтің «Абай жолы» роман эпопеясындағы Абай образын алсақ, көркем образдың іріленіп, типтік сипатқа ие болатынын көреміз. Шығарманың кейіпкері әдебиетте бұрыннан белгілі көркем тұлғаға негізделіп жасалса, оны да прототипі бар образ деуге болады. Мысалы, пьесадағы, немесе, кинофильмдегі Қыз Жібектің бейнесі – халықтың белгілі эпостың жырына негізделіп суреттелген, прототип (түпкі тұлғасы) бар образ. Ахметов З.