ПСИХОФИЗИКА

lat: PSIHOFIZIKA

(психо... және грек, physike/pysis табиғат) жалпы психологияның психикалык және физикалық процестер мен құбылыстардың байланысын зерттейтін саласы. Психофизиканың негізін неміс психологі Г.Т.Фехнер (1801 1887) қалады. Психофизиканың ерекшелігін ол былайша сипаттайды: әртүрлі мінез-құлық пен психиканың күйі физикалык құбылыстар мен ахуалдың айырмашылығынан туындайды. Психофизика сенсорлық процесті, ондағы түйсік шебін және психофизикалық шкаланы құрастыруды айқындайды. Мұндай ізденісте сенсорлық жүйенің сезімталдық күйімен қатар, іштей белсенділік ерекшелігі, яғни шешім қабылдау ауқымы да ескеріледі. Осындай көп шамалы мөлшерлеу ізденісіне Психофизика Шепард және т.б. әдістемесі ерекше ықпал етті. Әдістеме түйсіктердің өзара үйлесімін көп шамалы субъективтік кеңістікте эмоция психологиясында, психодиагностикада, психосемантикада калыптастыруға септігін тигізетінін дәлелдеді.