ПСИХОФИЗИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМА

lat: PSIHOFIZIKALYQ PROBLEMA

психикалықтық физикалыққа қатысы туралы жәйт. Психофизикалық проблема Декарт екі түрлі субстанцияның бар екендігін дәлелдей отырып (материя созылыңқы және ойлай алмайтын субстанция, жан ойлай алатын бірақ созылыңқы емес субстанция) жан мен тәнді қарама-қарсы қойғаннан кейін 17 ғ-да ерекше мәнге ие болды. Бұл алшақтықты окказионалистер (А.Гейлинис пен Мальбранш) психикалық және физикалық құбылыстар арасындағы қатынасқа құдайдың араласуы туралы қалыптасқан жағдаймен жоюға тырысты. Психофизикалық проблеманы айқындаудың жалған ағымдары психофиз. Қатарластық теориясы және оның әр түрлері тараған бат. психологияда әлі күнге дейін үстем болып отыр. Психофизикалық проблеманың диалектикалық материалистік шешімі психиканы материяның даму нәтижесі деп қарастыратын монизм принципіне негізделген.