ПСИХОМЕТРИЯ

lat: PSIHOMETRIaÁ

психикалық процестердің уақыттық сипаттамаларын өлшеу; қазіргі уақытта психометрия дегенде көбіне психологиядағы өлшеулермен байланысты мәселелердің бүкіл тобы ұғынылады. Бұл тұрғыдағы ұғымда психометрияға психофизика да қамтылады. Психометриялық процедуралардың аса маңызды белгісі олардың стандартталғандығы болып табылады, яғни зерттеулердің мүмкіндігінше неғұрлым тұрақты сыртқы жағдайларда жүргізілуі көзделеді. Алынған мәліметтер негізінде индивидуумдық қасиеттердің әртүрлі шкалалары түзіледі де, нақты бір әдістеменің (тестің) сенімділігі мен валидтілігі туралы қорытынды жасалады. Соңғы жылдары өзгермелі жағдаяттарды да, сондай-ақ сыналушылардың индивидумдық ерекшелікгерінде де ескеруге мүмкіндік беретін психометриялық процедуралар мен модельдер жасауға беталыс байқалады. Алайда зерттеулердің жалпы психологиялық және дифференциалдық психологиялық бағыттарың шын мәнінде біріктіру әлі жүзеге асқан жоқ.