ПСИХОМЕТРИЯ

lat: PSIHOMETRIaÁ

(грек. Metron өлшем) әуел баста: психикалық процестердің уақыттық сипаттамаларын өлшеу; қазіргі уақытта психометрия дегеңде көбіне психологиядағы өлшеулермен байланысты мәселелердің бүкіл тобы ұғынылады. Бұл тұрғыдағы ұғымда психометрияға психофизика да қамтылады. Психометриялық процедуралардың аса маңызды белгісі олардың стандартталғандығы болып табылады, яғни зерттеулердің мүмкіндігінше неғұрлым тұрақты сыртқы жағ- дайларда жүргізілуі көзделеді. Алынған мәліметтер негізінде индивидуумдык қасиеттердің әртүрлі шкалалары түзіледі де, нақты бір әдістеменің (тестің) сенімділігі мен валидтілігі туралы қорытынды жасалады. Соңғы жылдары өзгермелі жағдаяттарды да, соңдай-ақ сыналушылардың индивидуумдық ерекшеліктерінде де ескеруге мүмкіндік беретін психометриялык процедуралар мен модельдер жасауға беталыс байқатады. Алайда зерттеулердің жалпы психологиялық және дифференциалдық психологиялық бағыттарын шын мәнінде біріктіру әлі жүзеге асқан жоқ.