(грек.psyche — жан)— жеке адамды тоқыраушылыққа ұшырататын психикалық қызметтің ауытқушылығы немесе психикалык, науқастық. Психоз органикалық және функциялық болып бөлінеді. Органикалық Психоз мінез-құлық пен ойлаудағы ауытқушылыққа түрткі болатын психоәлеуметтік факторлармен тікелей байланысты. Психозға генетикалық, нейро-эндокриндік және зат алмасу факторлары, сондай-ақ индивидтің психикасына оң генетикалық және орталық жағдайлар түрлі дәрежеде ықпал етеді. Психоз сандырақ сөзден, тұйық мінезден, ортаға үйлеспейтін ретсіз қимылдан, қабылдау қабілетінің ауытқуынан білінеді. П.З.Фрейдтің ескертуінше, адамның басқа объект пен кісіге деген көзқарасын өзгертіп, ауруды ортадан алшақтатады да, психоздық процесті үдетеді. Фрейд невроз бен психоздың арасындағы байланысты, яғни тыйым саларлық рәсімді ығыстыратынын, адам өздігінен барды бұрмалайтындығын, сөйтіп шындықтан біртіндеп алшақтай түсетінін немесе жоқ нәрсені өзінше елестететінін ашып берді. Арнайы шипагерлік тәжірибесіз-ақ психозды емдеуге болады.