адамдарды жаппай қырып-жоятын қарулардың барлық түрінен сақтану үшін ағаштар, бетоннан, темір-бетоннан немесе тастан арнайы салынған инжеңерлік құрылыс. Паналау ғимараттары сүзгі, желдеткішпен жабдықталады және ешбір саңылаусыз болған жағдайда ішке уланған ауа, шаң-тозаң өткізбейді, әрі онда паналаған адамдарды ядролық жарылыс зақымынан қорғайды. Елді мекенді жерлерде жасырынуға подвалдар пайдаланылады. Әскерлерді ұрыста сақтау үшін паналау орындары взводтың, ротаның, артиллерия және миномет батареяларының позицияларында, командирлердің бақылау және дәрігерлік пункттерінде қазылған шұңқырларда ұйымдастырылады. Паналау ғимараттарының үстіндегі топырақтың қалыңдығы 150 см, жер астындағы үңгірлердегі паналау ғимараттарының үстіндегі топырақтың қалыңдығы 4 м болуы тиіс. Дала жағдайларында Паналау ғимараттары 20-30 адамға арналып салынады.