Панета клеткалары

lat: Paneta kletkalary

сүтқоректілердің аш ішегіндегі крипт түбінде жекелей немесе топпен орналасатын ацидофильді түйіршікті энтероцит клеткалары. Құрамында лизосоманың көп мөлшері болады, ол ішектің бактериалды флорасын басу қызметіне байланысты болуы мүмкін. Панета клеткасының апикальды бетінде көптеген микротүтікшелер болады. Панета клеткаларының ацидофильді дəндері жіңішке ішек құрамындағы заттардың қорытылуы мен асқорыту ферменттерінің түзілу процесіне қатысуы мүмкін.