lat: Paról
зат.1.әск. Әскери қызметтегілердің өз адамы екенін білуі үшін қолданылатын жасырын шартты белгі, құпия сөз.
Пароль – қарауылдық және гаризондық қызмет жарғысында ол әрбір жеке қарауылға әр күн сайын қандай да бір атау сөз түрінде бекітіледі (Қаз. тілі термин. Әскери.).
– Сіз неге пароль сұрамадыңыз, жолдас часовой? – деп Михаил Васильевич оған тіктене қарады (А.Тоқмағамбетов, Жыр.).
Сендердің барлаушы екендеріңді біз қайдан білеміз? Парольдеріңді айт, – деді Шура келген жігітке (Ә.Шәріпов, Қапас.).
2.инф. Компьютердің жұмыс істеуін жалғастыру үшін теруді қажет ететін құпия сөз, код.
Пароль кез келген сиволдар комбинациясынан тұрады да, ұзындығы көбінесе 15 символдан аспауы тиіс (Қаз. тілі термин. Информатика.).
Парольді енгізіп жатқанда оның симолдарының орнына экранда жұлдызшалар (*) бейнелейді (Қаз. тілі термин. Информатика.).