Пар

lat: Par

Тұзымды құдай көтерсе, Мұнда жоқ сенің тең парың («Қыз Жібек»), Махтымхан мінді арбаға. Парды жегіп жорғаға («Қамбар»). Пар сөзі орысша «қосақтау, парлау» мағынасында қолданылатын пара деген сөзден ауысқан. Бұл сөз алдымен татар, башқұрт тілдеріне енген (Будагов. Ср. сл. тур.-тат. нар. т. I, 308). Өткен ғасырдың екінші жартысында басқа түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де, бұл сөз «қосақтау» (атты) мағынада енген (Радлов. Опыт. сл. IV, 1144, 1476). Бұл сөз кейін қырғыз, өзбек, тәжік тілдеріне де ауысқан. (Б. С.).