адамның берекесіз, бақытсыз көңіл жайында нақты реніштен, жайсыз қырсықтан, түрлі бәледен туындайтын әдеп-дағдының адамгершілік пен әдептілік, денсаулық (ипохондриялық) туралы ауыр, үрейлі, мазасыздықты біржақты тамырлатуы. Мысалы, өз бітімі мен жүріс-тұрысына күдікпен қарайтын адам асқазаны аздап бұзылса да, денесі бөртіп қызара қалса да, ондай оқыс күйге үлкен секеммен қауіппен қарап, өз дегбірін қашырады. Жорамал күйді секемшілдік пен шүбәланғыштық сияқты басқа жеңіл мінез-құлықтар қоздыра түседі. Патологиялық мінездің естен танарлық сандырақ пен құндылығы жойылмас идеядан айырмашылығы мінездегі кесапатты психотерапиялық әңгіме арқылы жеңілетуде тіпті емдеуге болады.