lat: Pedagog
зат. Мектепте, техникумар мен училище және жоғары оқу орындарында студенттер мен оқушыларға білім, тәрбие беретін оқытушы, мұғалім.
Шоқан, Абай, Ыбырайдың есімдерін еске алғанда тұңғыш ғалым еді, тұңғыш ақын еді, тұңғыш педагог еді дейміз (Қаныш аға).
Қастерлі Мұхтар ағаның асыл бейнесін зердемізде зерлеген шақта алғыр ғалымды, тамаша педагогті, қазақ әдебиеті тарихымен қоса, туысқан елдер фольклоры мен әдебиетінің білікті зерттеушісін айқын көреміз (Біздің Мұхтар).
Педагогтар мен ата-аналардың міндеті – мектепке барған балаға кездесетін қиындықтарды барынша жеңілдету (Қаз. тілі термин. Педагогика.).