білім беру практикасы мен педагогикалық білімнің тарихи дамуын, сондай-ақ білім беру мен педагогикалық ғылымдардың қазіргі заманғы мәселелерімен өзара байланыста зерттейтін ғылым саласы. Педагогика, әлеуметтану, философия, мәдениет тарихының және психология тарихының және т.б. деректерін ықпалдастыра отырып, педагогика тарихы тарихи-педагогикалық процесті тарихи-мәдени процестің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады.