Пероксисомалар

lat: Peroksısomalar

омыртқалылардың, жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің, қарапайымдылардың клеткаларында біркелкі мембранамен қоршалған плазматикалық көпіршіктер (диам. 0,3-1,5 мкм). Пероксисомалар эндоплазматикалық тордың туындысы. Құрамында каталаза жəне кейбір тотығу ферменттері болады. Сутегінің асқын тотығуының ыдырауына жəне майдың, көмірсудың алмасуына қатысады (өсімдіктің тыныс алуы, глюконеогенез, глиоксилаттық айналым).