Персонализм

lat: Personalızm

( лат.persona адам, тұлға) қазіргі батыстық философиядағы тұлғаны бастапқы шығармашылық реалдылық және жоғары рухани құндылық, ал әлемді - жоғары тұлға ретінде Құдайдың шығармашылық белсенділігінің көрінісі деп ойлайтын теистік бағыт. Басқаша айтқанда персонализм тұлғаны абсолют ретінде түсінеді: тұлға онтологиялық тұрғыдан да (болмыстың негізгі көрінісі, жалғыз шындық ретінде), аксиологиялық тұрғыдан да (құндылық ретінде) жоғары дәрежедегі категория болып шығады. Бұл терминді Ф. Шлейермахер айналымға енгізді деп есептелінеді («Речь о религии к образованным людям, ее презирающим», 1799). Персонализм ХІХ ғ. аяғында Ресей мен АҚШ-та қалыптасты, ал кейін ХХ ғ. 30-жылдарында Францияда және басқа елдерде даму алды. Негізіг өкілдері: Н. Бердяев, Л. Шестов, кейбір жағынан Н. Лосский, С. Булгаков (Ресей), Б.П. Боун, Э. Брайтмен, У. Хокинг және т.б. (АҚШ), Э. Мунье, Ж. Лакруа (Франция) және т.б.