lat: Pesa
[франц. piece] з а т. т е а т р. 1. Театрда көрсетуге арналған драмалық шығарма. «Біздің жақта» әні, «Тар жол, тайғақ кешу» романы, «Қызыл сұңқарлар» пьесасы және осы мазмұндас өлеңдер Сәкен өмірінен бір үзік сыр шерткендей («Қаз. әдеб.»).
Сол кездегі өзім рөлін ойнаған Сырым сөздері ғана емес, бүкіл пьесаны жатқа білуші едім (Біздің Мұхтар).
Қараңыз, «Еңлік-Кебек» пьесасы біздің қазақ әдебиетінде ғана емес, тарихы үлкен ірі әдебиеттердің осы жанрдағы үлгілерімен теңдес түсетін шығарма ( Біздің Мұхтар).
2. Көлемі шағын музыкалық шығарма.