Пір

lat: Pir

ар. з а т. 1. д і н и. Діни қауымдастықтық басшысы, жетекшісі.

Баршасы үшбулардың пірім деді, Хазірет ақылы дана білімді еді. Патшадан қазақ үшін мүфти сұрап, Өзінен халықтың қамын бұрын жеді (Кердері Әбубәкір, Қазағым.).

2. м и ф. Адамдарды желеп-жебеуші, әулие. Шырағым, атаабаңа пірлердің дұғасы тиген, бақ қонып, қыдыр дарыған (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Сиынған пірім ерен-ді, Ойлаған ойым тереңді. Әр нәрсе десем, Күлмес хан. Маған тауып бер ендіашықнаме).

Әдейі арнап сәлем жаздым хатта, Қор болмас, қосқан басын асыл затқа. Әйелдің пірі болған ғаламдағы Жолдасы Әлішердің Бибі Фатима (Айтыс).

3. а у ы с. Сиынушы, демеуші, сүйеуші. Менің пірім Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай. Сырлы сұлу сөздері Маған тартқан сыйындай (Жамбыл, Шығ. жин.).