Түрі ұқсас, тұрпаты бірдей. Сыдықтың әйелі - еңгезердей, еркек пішінді адам (Б. Майлин). Кеуделі, апайтөс, еркек пошымды әйел екен (О. Сәрсенбаев). Кешегі арыстан кескінді бұлт енді қабанға ұқсай қалыпты (Ә. Сәрсенбаев). Ер тұрпатты, ер мінезді қыз шынымен жасып, мұңайған сияқты (С. Мұратбеков).