Поэтикалық тіл

lat: Poetıkalyq til.

әдеб.Поэтикалық, көркемдік, эстетикалық қызметтегі тіл.

Поэтикалық тіл мәселесі көрнекті орыс филологтері Г.О.Винокур, В.В.Винаградов, Л.В.Щерба, Б.А.Ларин т.б. еңбектері арқылы жаңа арнаға шығып, филологиялық зерттеулердің жеке саласы ретінде қалыптаса бастады (Қазақ тілі энцикл.).

Поэтикалық тіл әрі өнертану, поэтика, әдебиет теориясымен, әрі тіл білімінің стилистика, лингвистикалық поэтика салаларымен байланысты (Ғ.Қалиев, Тіл біл. терм. сөздігі).