Полк

lat: Polk

әкімшілік, шаруашылық жағынан дербес басқарылатын әскери бөлім. Полк атқыштар (жаяу әскер), авиациялық, әуе-шабуылына қарсы қорғаныс, танкілік, механикаландырылған, артиллериялық, инженерлік, байланыс, әуе-десанттық және т.б. болып бөлінеді, Әрбір полктің штабы, үш немесе одан да артық батальоны (эскадрондар, экскадрильялар, дивизиондар, роталар), жабдықтау және тылдағы бөлімдері болады. Көптеген полктер әскери құрамаларға дивизия мен бригадаларға кіреді. Ал кейбір полктер армияның, майданның және басқа қолбасшының тікелей қарамағында болады, бұл полктер құрамаларға кірмейді. Полктің міндетті түрде нөмірі болады.