ПОСТУЛАТ

lat: PostÝLAT

[лат. postulatum]зат. Дәлелдеуді керек етпейтін қағида.

Эвклид геометриясы дәлелдеуді керек етпейтін ақиқат делінетін біраз пікірлер негізінде құрылған. Бұл пікірлерді аксиомалар немесе постулаттар деп атайды (О.Жәутіков, Жаратылыстану.).

Гаусс параллельдер туралыпостулатты тәуелсіз аксиома санаған бірінші адам болатын, егер ол аксиомаларды басқаша таңдаса, Евклидтен өзге геометриялар шығатыны туралы логикалық қорытынды жасауға болар еді (А.Көбесов, Математика тарихы).

Өзінің «Негіздер» кітабын кемелдендіру» аты еңбегінде ол бесінші постулатты дәлелдеу үшін жабық түрде мынадай ұйғарымға сүйенеді: егер екі түзу үшінші бір түзумен қиылысқанда осы түзулер арасындағы айқыш бұрыштар тең болса, ол екі түзуді басқа бір түзу қиғанда да жағдай осылай болады (А.Көбесов, Математика тарихы).