нәтижесінде көптеген аралық варианттар пайда болатын суперстратты тілдің (базистік тілге жақын) креол тілмен белсенді түрде бәсекелесе бастау жағдаятында дамитын контктілі континуумның түрі. Посткреолды континуум пайда болуының әлеметтік уәждемесі суперстраттық тілдің беделдігі және оны креол тілді тұтынушылардың мақсатты тіл ретінде танып, меңгеруге құлшынуы болып табылады. Креол тіл біртіндеп акролектілі және базилектілі түрлерге бөлініп, олардың әрқайсысы мақсатты тілдің әсеріне ұшырап, креолденуден ада бола бастайды. Егер суперстратты тіл түрлі әлеуметтік себептерге байланысты мақсатты тіл болудан қалса, креолдену үдерісі қайта жалғасады.