lat: Predıkattyq qatynas.
лингв. Синтаксистің негізгі бірлігі болып табылатын сөйлемнің ерекшелігін танытатын категория.
Предикаттық қатынас арқылы оқиғаны, шындықты бейнелейтін толық лексикалық мағыналы сөздердің жиынтығынан сөйлем құралады. Сонымен, предикаттық қатынас – ақпараттың шындыққа қатынасын білдіретін, сөйтіп, хабар беруге арналған единица қалыптастыратын (сөйлем құрайтын) басты белгі (Қазақ тілі энцикл.).