lat: Profılaktıka
[грек. prophylaktikos] зат. мед. Денсаулық сақтау ісінде түрлі аурудан сақтандыру, аурудың алдын алу шаралары.
Медицинада аурумен күресудің екі жолы бар: профилактика және емдеу (С.Сұбханбердин, Өсімдік дәрі.).
Отиттің асқынуына қарсы жасалатын профилактика уақтылы және дұрыс емделу болып табылады; сондықтан сырқат алғаш біліне бастағанда-ақ оториноларинголог-дәрігерге көрініп, оның белгіленген емдеу шараларын қатаң сақтау керек (Шаңырақ энцикл.).