lat: Prolog
[грек. pro алдыңғы, logos сөз]
з а т. ә д е б. Көркем шығарманың кіріспе бөлімі. Көркем шығармалардағы суреттелетін оқиғалар туралы әңгіме әлі басталмас бұрын, соның идеясын меңзейтін қысқаша таныстыру жазады, оны пролог деп атайды (Қ.Жұмалиев, Әдеб. теор.).
Демек, Мұхаммед-Ханафия әдеттегіден тыс жағдайда, яғни эпикалық қаһармандар секілді ғажайып жағдайда туылады. Бұл шығарманың прологы («Қаз. әдеб.»).