ПРОЦЕСС

lat: Proses

зат. Үрдіс. 1. Іс-әрекеттің даму барысы, қимылдың өрістеу қалпы.

Қазіргі заманғы фармакология ғылымының үлкен бір жетістігі дәрінің жанды организмге тигізетін әсерлері мен солардан туатын процестерді жан-жақты зерттейтіні болып отыр (С.Субханбердин, Дәрі дертке-дауа, жанға-шипа).

Халық арасындағы небір жаңа сөз, жаңа ұғымдар туып жатады, бұл табиғи процесс (Біздің Мұхтар).

Қабыну процесі жұтқыншақтан құлақтың қалқанды қуысына ауысады (Шаңырақ энцикл.).

2. Белгілі бір нәтижеге жету үшін жасалатын әрекеттердің жиынтығы.

Бұл туындыларда өндіріс процесініңішіне кіре алмай, тек сыртын суреттеп, өздерінің жақсы ниеттерін ғана машықтаушылар да жоқ емес (Қаныш аға).

3. заң. Сот ісінің жүргізілу тәртібі, реті.

1917 жылдың июль айында Аманкелді мен оның серіктеріне сот процесіұйымдастырылды (3.Мұхамеджанов, Торғай.).