[лат. prospectus] зат. Даңғыл (үлкен қалалардың ұзын, түзу, кең негізгі көшесі). Олардың өмір жолдарының тоғысқаны сияқты екі ұлы адамның есімімен аталатын Алматыдағы Сәтбаев проспектісі мен Әуезов проспектілері түйісіп жатыр (Қаныш аға). Бір ғана Нева проспектісін, Эрмитажды, патшаның Қысқы сарайын көрудің өзі не тұрады! (І.Есенберлин, Шығ.). Абай проспектісінен, бас арықтың қарағашты қалың тұсынан төмен қарай түсетін көше түстіктің миуалы бақтарындай әдемі де саялы (Біздің Мұхтар).