Протекторат

lat: Protektorat

[лат. protector] зат. Күшті мемлекеттің әлсіз елді ресми түрде құрамына алуы.

Протекторат күшті мемлекеттің шағын, әлсіз мемлекетке формалды түрде қамқорлық жасауы (Саяси сөздік).

Протекторат ішкі істерін шешуде белгілі бір автономияға ие, бірақ қорғаныс, сыртқы саясат, т.б. мемлекеттік аса маңызды мәселелерді реттеуде басқа елге бағынышты болады (ҚҰЭ).