lat: Proton
[грек. protos] зат. физ. Атом ядросының құрамына кіретін оң зарядты кішкене бөлшек.
Қазіргі кезде протон элементар бөлшектердің эксперименттік физикасында кеңінен қолданылады ( ҚСЭ).
Атом ядросы протондар мен нейтрондардан тұрады (Қ.Бақтыбаев, Атом.).
Протондар нейтрондармен бірге барлық химиялық элементтің ядроларын құрайды (ҚҰЭ).