Прототип

lat: Prototıp

[грек. prototypon] зат. әдеб. Әдеби кейіпкердің өмірде болған нақтылы түп тұлғасы.

«Кездеспей кеткен бір бейнедегі» Еркебұланның прототипі Сәкен екендігінде дау жоқ ( «Қаз. әдеб.»).

Сөйтіп әдеби кейіпкердің тұлға-бейнесі, образы нақтылы бір прототипке негізделіп жасалғанымен, әдебиетке, көркемөнерге тән типтендіру, жинақтау принциптеріне сәйкес және жазушының нақтылы шығармасындағы идеялық нысанасына орай сомдалып, өзгеше сипат алады (Әдебиеттану термин. сөзд.).