Психолог

lat: Psıholog

зат. 1. Психология маманы.

Психологтар мен медицина мамандары таңертеңгі ақыл-ой еңбегі ең жемісті еңбек болады деп есептейді («Қазақст. мект.»).

2. Адамның көңіл күйін, жан дүниесін танығыш, жетік білетін адам. Ол адамның ішкі сезімін бет құбылысынан ұғатын психолог адам еді (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен).

Мамандығың болмағанымен де, өмірде психолог болмасаң болмайды (Т.Жанкелдин, Сын сағат.).

3. Жаны күйзеліп жүрген кісінің өзі шеше алмай жүрген қиындықтарын тыңдап, ашылуына, жеңілдеуіне көмектесетін психология мамандығын меңгерген маман иесі. Психологке көрінбесем болмайын деп тұр (Ауызекі).