ҚУДАЛАУ

lat: QÝDALAÝ

з а т. Құғын, құғындаушылық.

ХVІІ ғасырдың басындағы Боннда болған “мыстандарды” қудалау кезіндегі оқиғаны дінбасы Альфтер өзінің граф Вернер фон Сальмге жазған хатында былайша суреттейді («Парасат»).

Кейін қудалау бола ма деп зәресі ұшқан жұрт осыдан-ақ меңдуана жегендей есеңгіреп қалса керек, сайлау кезінде шенеуніктер жұртты жетелеп келіп, «қалаулы» кандидаттарына дауыс бергізіп жатты («Жұлдыз»).