ҚУДАЛАУ

lat: QÝDALAÝ

Қудала етістігінің қимыл атауы.

1. Қыр соңына түсу, ізін бағу, аңду.

Туған жеріме қайтам десең рұқсат, деді Жетісу бірақ күндердің күнінде патшаның қудалауына тағы да іліксең, паналатуға біз әзір (С.Мұқанов, Балуан Шолақ).

Алдақашан өтіп кеткен іс болса да Құлыбай әулетінің көкірегіне қан қатып қалған. Құлыбайды кулаксың деп қудалау керек пе еді? (Ш.Айтматов, Қош бол.).

Әгәр буржуйлар бұл қудалауын қоймаса, тура Орынборға тартамын (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).

2. Бір жаққа қарай қуу, қуалау.

Ертең демалыс қой, әже! Әжесінің өзін қудалау себебі ертең жексенбі екенін білмегендіктен деп ұққан Маржанның даусы жарқын шықты (Ә.Сараев, Ақ тымық түн).