lat: QÝDALAÝSHY
з а т. 1. Біреудің қыр соңынан қалмаушы, ізіне түсуші адам.
Дарынды жас дәрігер Дархановты қайда барса да қыр соңынан қалмай қудалаушылар, жалақорлар сол бір күндердің «еркелері» еді («Қаз. әдеб.»).
2. Қолға түсіру үшін соңынан ілесіп қуушы.
Сескенген алыптар [киттер] қудалаушылардан қашып, су астына сүңгіп кетеді (Естімеген елде.).