ҚУЫСТЫ

lat: QÝYSTY

с ы н. 1. Қуысы бар, қуыс кездесетін.

Осы сайдың ар жағы терең қуысты жылға боп келеді де, өзенге тіреледі (К.Тоқаев, Тасқын).

2. а у ы с. Күдікті, сезікті; секемшіл.

Саудагер: «Бұ базарға біреу-міреуден түсіп қалған нәрсені қағып әкету үшін жүргендер де бар», деп айтатындай көріп, қуысты келіншек қысыла бастады (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).

Ержан Кәкібай әңгімесін шын ықыласымен тыңдады. Оның жағдайын, ұрлық қылғандай қуысты халін түсінді (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.).