lat: QÝYSTYLYQ
з а т. к е н. Таужыныстағы кеуектер мен жарықшақтарды қоса алғандағы барлық қуыстардың жиынтық көлемі.
Қуыстылық барлық шігінді жыныстарға тән, тек көбіне тығыздығы жоғары келетін химиялық шөгінділерде ғана қуыстылық байқалмауы мүмкін (К.Сапарбайұлы, Геология.).
Қуыстылық көлем бойынша бірлік үлестермен, пайызбен немесе масса бірлігіне шаққандағы көлем бірлігімен білдіріледі (Қаз. тілі термин. Кен.).
Қуыстылығы аса жоғары тау жыныстары суды нашар өткізуі немесе мүлде өткізбеуі мүмкін. Мысалы, қуыстылығы 50% саз су өткізбейтін жыныс болып табылады (К.Сапарбайұлы, Геология.).