Қулық-сұмдығы жоқ [қулық-сұмдықты білмейтін]. Ақпейіл, адал; жаны таза. Бұл ең алдымен арамдығы, қ у л ы қ-с ұ м д ы ғ ы ж о қ, жаны таза адам (Р. Нұрғалиев, Күретамыр). Райымбек – еңбекшіл, адал, қ у л ы қ-с ұ м д ы ғ ы ж о қ, ақ көңіл, бірақ аңқаулау («Қаз. әдеб.»). Дүниеде

lat: Qýlyq-sumdyǵy joq [qýlyq-sumdyqty bilmeıtin]. Aqpeıil, adal; jany taza. Bul eń aldymen aramdyǵy, q ý l y q-s u m d y ǵ y j o q, jany taza adam (R. Nurǵalıev, Kúretamyr). Raıymbek – eńbekshil, adal, q ý l y q-s u m d y ǵ y j o q, aq kóńil, biraq ańqaýlaý («Qaz. ádeb.»). Dúnıede

ҚУЛЫҚ-СҰМДЫҚСЫЗ с ы н. Амал-айласыз; қулығы жоқ.

Ол осы қарасымен ең алдымен өзінің мол сезімін, аналық махаббатын, қулық-сұмдықсыз таза жүрегін, достық табысына мақтана да, шаттана да алатын кең пейілін аңғартып еді (С.Бақбергенов, Алтын емел.).

Осы мақсатпен мен Атбасар округінің аға сұлтандығына сайлануға ризалық бердім, бірақ сайлау чиновниктерінің әртүрлі қулық-сұмдығынсыз өте алмады (Ш.Уәлиханов, Мақала. хат.).