[ар. قيامة ] з а т. 1. д і н и. Ислам дініндегі о дүние туралы ұғым. Ата берсе баласы молда болар, Қ и я м е т күн тексерісінде болар, Ғазап қылар құдайым сен емесі (Кердері Әбубәкір, Қазағым). Қарағым, жаза берсем, жандырармын, Дертіңді ауырлатып қалдырармын. Жылама. Құдай қосса қ и я м е т т е Құшақтап құмарыңды қандырармын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Істегенінің бәрі жәбір, залым болды. Қанеки, дүние ақыретте сонысынан не пайда көрмекші? Қ и я м е т күніне дейін сауабы болып тұратын ісі қайсы? (М.Дулатов, Шығ.). 2. а у ы с. Ауыр азап, бейнет, қиыншылық. Аршалы сай! Неғылған көркем едің! Сол түні неге мені өртемедің? Сол түннің қ и я м е т і н есіме алсам, Сенен де, өзімнен де жиіркенемін (М.Мақатаев, Шығ.). Ғират өзі енді бастап жөнелді, Зындан жаққа сұлтанды алып келеді, Қараса да көз жетпейді түбіне, Бір қ и я м е т мынау оған көрінді (Көрұғлы). // Шектен тыс, керемет. – Аһа, ауыз ашпайтынымды әбден бақылап, біліп алғаныңа қарағанда, қай бір кездерде сен маған қ и я м е т ғашық болғансың, ал мен қарамай, қысқасын айтқанда, көңіл аудармай қойғанмын (Б.Нұржекеев, Күй толғақ).