Быт-шыт қылу, істен шығару, тас-талқан ету. Олар жаудың бес танкісін қиратып, көптеген автомашинасын істен шы- ғарды (С. Сейітов). Қолмен ұрып жілік сындыруда Байғазы көзге түсті (Т. Жармағамбетов). Қазір бергі босағасын қаусатады (Ә. Әбішев). Сол түнде Өзербай мен Үсен терезені бұзып қашып кетті (Б. Шалабаев). Ауранзеп ескерткіштерді бүлдірумен бірге, өз атасы салдырған храмды да ойран еткен (М. Әуезов). Егер қолынан келсе, олар таудың тасын талқандап, ағашын өртеп, күл ғып кеткісі келді (С. Мұқанов). Оңай екен күйрету Ежелгі ескі ауылды, Қиын-ақ екен үйрету Жасауды жаңа қауымды (Ә. Тәжібаев). Жаудың берік қамалдай шегін ойрандап, талқандап бұзып шықты (Б. Момышұлы).