з а т. 1. Қаупі жоқтық, қатерсіздік. Баланың қ а у і п с і з д і г і үшін көшеге, аулаға, саябаққа жалғыз жіберуге болмайды (Ауызекі). 2. қ ұ қ ы қ. Жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. ҚазақстанРеспубликасының Президенті Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қ а у і п с і з д і г і н е сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды (ҚР Конституциясы). Еліміздің ұлттық құрамы, демографиялық ахуал үдерісі, ұлтаралық қатынас, елдің қ а у і п с і з д і г і, мемлекеттің тілдің мәртебесін көтеруге итермелеп отыр (“Айқын”). Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қ а у і п с і з д і г і н е нұқсан келтіруге, т.б. тыйым салынады (ҚР Конституциясы). 3. а у ы с. Қорғаушы, күзетуші. Мінезінен қорқады ма дарынның, Мені еркіме жібермейді жарым күн Қадағалап отырады қылп етпей Қ а у і п с і з д і к Қомитеті Арымның! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).