ҚАУЫМ

lat: QAÝYM

1. (Гур., Маңг.; Түрікм.: Красн., Небид., Жеб., Ашх.; Қ.орда, Арал) көп шоғырланған бейіт, зират.

   Маңғыстау ойында түрікпендердің қауымы көп кездеседі (Гур., Маңғ.).

   Мына қауымның сырт жағындағы ақтықты шабу керек (Қ.орда, Арал).

   Әрбір қартайған кісінің ойлайтыны өлім ғой, содан ба, әйтеуір соңғы әзірде қауым басына әсіресе, барғыш боп кетті (Ж. Нәжім., Кішк,, 185).

2. (Қарақ.) мола (бір руға тән). Қ. қорған.