зат. 1. инф. Өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу, бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал. XIX ғасырдың ортасына дейін қ а ғ а з д ы шүберектен жасаған, бірақ ол өте қымбатқа түскен (Қ.Қайымов, Қызықты зоол. ). Бұл автоматты аппарат тек тоқыма өнеркәсібінде ғана емес қ а ғ а з жасау кәсіпорындарында да пайдаланылады («Халық мұғ.»). 2. Әдетте ақ түсті парақ, дәптер, кітапша т.б. түрінде болатын жазу жазуға, өрнек, сурет т.б. салуға арналған жұқа зат. Бұл құрал, киім түзеп, қарны тойған, қ а ғ а з ғ а өрнек жасап, сурет ойған (Абай, Тол. жин.). Қ а ғ а з д а тіл жоқ. Не жазса да шыдайды (М.Дулатов, Шығ.). 3. ауыс. Арыз, шағым. Бұрынғыдай дәурен жоқ, Ұлық жолы тарайды. Өтірік берген қ а ғ а з д ы ң Алдыартына қарайды (Абай, Тол. жин.). Өз қ а ғ а з ы өз көзін, Жоғалтуға жарайды. Тауып алып жалғанын, Қылмысыңды санайды (Абай, Тол. жин.). 4. ауыс. Белгілі бір мекеменің мөр басқан анықтамасы т.б. құжат. Ол Жарлыбайға МТС директоры Зұлқарнайдың қол қойып, мөр басқан қ а ғ а з ы н тапсырды (Ж.Тілеков, Шалғай шепте). Бұл күнде бір шәһардан шығарда пәлен шәһарға баратыныңды, онда не бітіретініңді айтып, полициядан қ а ғ а з алу керек (С.Шарипов, Бекболат). 5. ауыс. Жазу, жазба мұра, тасқа басылып, тарихта қалған дүние. Білімді өлсе, қ а ғ а з д а аты қалар (Мақал).