ҚАБІЛЕТТІЛІК

lat: QABİLETTİLİK

зат. 1. Икемділік, бейімділік, іскерлік. Түпнұсқаны тауып оқу, ғылымның өзге саласындағы жетістіктерге де сүйену, кең көлемде салыстыруға қ а б і л е т т і л і к , қысқасы, ғылыми еңбектің классикалық үлгісі мен дәстүрін пір тұту Ә.Марғұланның бұлжымас дағдысына айналған (Р.Бердібаев, Гүлстан.). Қ а б і л е т т і л і к т і ң ойдағыдай дамуы адамға тиісті (Н.Оңдасынов, Араб.-қаз. сөздік). 2. псих. Адамның белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі, осы іс-әрекетті оңай, әрі тез орындау мүмкіндігін танытатын, оның басқалардан өзгеше, жекеара психикалық ерекшелігі. Қ а б і л е т т і л і к тұлғаны жалпы бағыттылығымен, адамның белгілі бір қарекетке бейімділігінің орнықтылығымен тығыз байланысты (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Қ а б і л е т т і л і к адамның мінез-құлқын реттеп отырады және оның тіршілік ету жағдайына қызмет етеді (ҚҰЭ). 3. инф. Берілген уақыт аралығында есептеуіш жүйе орындайтын жұмыс көлемінің мөлшері, уақыт бірлігінде есептеуіш жүйемен өңделетін тапсырманың мөлшері (Қаз. тілі термин. Информатика.).