1. (Алм., Шел.) асқабақ. 2. (Жамб., Шу; Шымк.: Түлк., Мақт.) жеуге жарамайтын, ішін ыдыс ретінде пайдаланатын асқабақ тәрізді өсімдік. Қ а б а қ т а ғ ы сумен қол жууға болады (Жамб., Шу). Қ а б а қ т а іштеңке бар ма екен? (Шымк., Мақт.). 3. (Алм.: Шел., Еңб. қаз.; Жамб.: Шу, Мер., Луг.; Шымк.: Түлк., Мақт.) асқабақтың қабығынан істелген су құятын ыдыс. Кіп-кішкентай Сейіт бидай көже құйған қ а б а ғ ы н қазір бір қолына ұстап, екінші қолымен әкесінің таяғын желкесіне салған (Р. Рай., Жап. жаңғ., 66). Бір жағында бір қазан сүт, екі күбі, бір қ а б а қ айран тұр («Соң. қол», 8.07.1941).