ҚАБАҚ

lat: QABAQ

зат. 1. анат. Қас пен көздің арасындағы шығыңқы сүйек. Қарамандай батырдың, Қ а б а ғ ы н а қар қатты. Кірпігіне мұз қатты, Қазанның естіп хабарынатырлар жыры). Ине керек, қылмайды, киім тамақ, Ұйықтаймын деп ешқашан жаппас қ а б а қ. Жылпылдатып бұйымды тігесіз ғой, Тұлымдары өткізген жіптен сабақ (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Қай жаққа қ а б а қ көтерсе де, қаптап тұрған жұлдыздарды көрді (А.Мекебаев, Жезтырнақ.). 2. ауыс. Жар мен сайдың не жыраның үстіңгі жиегіне жақын жері. Мұқанның осы ақылымен жігіттер екі бөлініп, бір бөлегі қ а б а қ п е н келе жатты да, бір бөлегі Сарысудың табанына түсіп жүрді (С.Шарипов, Бекболат). Кіреберіс алаңда биік жарқабақ бар, қ а б а қ, бетінде үйме-жүйме орналасқан қуыршақ үйлер. Дәл осы кіреберіс алаңда төбеге ілген жұмсақ ақ шынылы шам бар (Ә.Тарази, Құйрықты.). Бүгін бір қонақ келер деп қ а б а қ қ а анау ең биік Ұмтылып шығып бір жаман атымен тұр ғой шал қарап (Ж.Нәжімеденов, Таңд.). 3. ауыс. Адамның бір нәрсеге байланысты байқалатын көңіл-күйі, мінез-құлқы. Ағасының қатыны жаман қ а б а ғ ы м е н қарсы алған соң, қайтадан заводқа барады (С.Сейфуллин, Шығ.).