ҚАБАТТА

lat: QABATTA

ет. 1. Бірінің үстіне бірін салып қалыңдату. Едендегі алашаны құс қанат сыпырғышпен тазаладым да, төрге қос қ а б а т т а п көрпе төседім (С.Омаров, Қиыр жол). 2. Қабат-қабат етіп қалың киіну. Денсаулығына байланысты ыстыққа да, суыққа да төзімсіз болды. Қыста төрт бірдей ішкиімді қ а б а т т а п киіп, қалың көйлек, күпісін тастамады («Парасат»). Шидем мен тон қ а б а т т а п киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды (Абай, Тол. жин.). 3. Қаттау, бүктеу. Қаптағы туды үш қ а б а т т а п бүктеп беліне айналдыра орап қапсыра тігіп, үстінен гимнастеркасын киді (Х.Рахимов, Полк туы). Төрт шиді бірден салып қ а б а т т а п, ширатылған жіппен айқастыра крест тәрізді байланыстыруды атайды (С.Бегалин, Бала Шоқан).